Дәрігер ер адамдарда бедеуліктің туындауына қандай факторлар әсер ететінін айтты

7 Наурыз 2021, 10:55
1616
Бөлісу:
Дәрігер ер адамдарда бедеуліктің туындауына қандай факторлар әсер ететінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №36 Қалалық емхананың уролог- дәрігері Қанат Қақтабаев еркектердегі бедеуліктің туындауына қандай факторлар әсер ететіні туралы айтты. 

Маманның айтуы бойынша ең басты проблема болып созылмалы простатит ауруы саналады. Қанат Қақтабаев атап өткендей, простатит қазіргі күндері «жасаруда».

Егер кезінде мұндай аурумен 25 жастан бастап ер адамдар ауырса, бүгінгі күндері 20 жастағы ер адамдар осы мәселемен келіп жүгінеді. Простатит - қуықасты безінің тіндерін тітіркендіретін қабыну процесі. Аталмыш аурудың туындау себептері өте көп, оның біреуі суық тию.

Қазір жастар тіпті қыс мезгілінде кроссовкада жүреді. Сондықтан, соңғы жылдары қуық безінің ауруы мәселесі еркектерде 20 жастан басталады. Бірақ, олар бірден маманға тексерілуге бармайды. Бұл жерде, жіті простатит 6 айдан соң созылмалы түрге айналып, кезеңді түрде қайталануы мүмкін. Мұның барлығы еркектердегі бедеулікке әкеп соғады. Мысалы, бірнеше күн бұрын ғана 25 жастағы ер адам әйелінің көтермегеніне 2 жыл болғаны туралы шағыммен қабылдауға келді. Біз оны тексердік, жігітте созылмалы простатит екені анықталды. Емдеу тағайындадық. Содан жарты жылдан соң ол маған қоңырау соғып, отбасының жақында толығатыны туралы қуанышты хабармен бөлісті- дейді маман.

Қанат Қақтабаевтың айтуынша, жіті простатитті көбінесе дәрі-дәрмекпен емдейді, ал, екінші сатыдан және одан жоғары асып кеткен жағдайда шұғыл түрде аралсу қажет. 

Проститтің қабынуының кейбір салдары уақытында және кешенді емдеу алмағанның себебі онкологиялық патологияның туындауына әсерін тигізумен, тек денсаулыққа ғана емес, сондай-ақ, пациенттің өміріне қауіп төндірмек. Осыған байланысты, маман қуықасты безі ауруының ең алғашқы белгілерінде уролог-дәрігерге баруды ұсынады. 

Сонымен қатар, үнемі профилактикалық тексерістен өту қажет.

Өзгелердің жаңалығы