Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

1 Наурыз 2021, 19:49
2677
Бөлісу:
Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында және Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептерде орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінде болды.

Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасының «Қамқорлық» бастамасын іске асыру аясында 2020 жылдың желтоқсан айында ашылған оңалту орталығының жұмысымен танысты, кабинеттерді аралап, ата-аналармен және балалармен әңгімелесті, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Мұнда нейро-ортопедиялық аурулары бар 80 бала оңалтудан өтуде. Ашылған сәттен бастап Жамбыл облысынан ерекше қажеттіліктері бар 200-ге жуық бала көмек алды.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Орталық Елбасы бастамасы аясында ашылған 8 орталықтың ішіндегі ең үлкен орталықтардың бірі. Орталық 1500 шаршы метрде орналасқан, ішінде 2 бассейні бар.

Тараз қаласының «Қамқорлық» оңалту орталығының директоры Раиса Қожамжарова Қор басшысына кешенді оңалту тұжырымдамасы мен көрсетілетін оңалту іс-шараларының түрлері туралы айтып берді, олардың ішінде дәрігерлердің консультациялары, механотерапия, емдік дене шынықтыру (кинезотерапия), сенсорлық және интерактивті бөлмелерде логопедтердің, дефектологтардың, психологтардың, эрготерапевтердің сабақтары, минералды сумен емдеу, физиоемдеу және басқа да ем түрлері бар.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

«Қамқорлық» орталықтарында тиісті оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істейтінін атап өту қажет.

Өткен жылы Жамбыл облыстық балалар ауруханасы жанындағы орталықтың 24 маманы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын өтті. Биыл көшпелі семинарға 32 қызметкер қатысты. Жыл соңына дейін реабилитология саласындағы өзекті мәселелер бойынша шетелдік менторлардың қызметкерлерін оқыту жоспарлануда. 

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Сондай-ақ балаларды қолжетімді жерде сапалы оңалтудан өткізу мақсатында Қор оңалту орталығына жетекшілік етуді жалғастыруға ниетті, - деп атап өтті «Қамқорлық» қоры директорының міндетін уақытша атқарушы Арайлым Еркінова.

Орталық жыл сайын 600-ден астам нейро-ортопедиялық, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды тегін қабылдайтын болады.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Естеріңізге сала кетейік, осындай орталықтар еліміздің тағы 7 өңірінде, атап айтқанда Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында ашылды.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Жалпы, Елбасының бұл бастамасы жылына 5 000 баланы оңалтуға мүмкіндік береді. Жаңа 8 орталықтың жұмысы нәтижесінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтуды қамту 20% - ға өсті.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

«Инклюзияны қолдаудың 16 кабинетін құру» - Елбасының тағы бір бастамасы, Дариға Назарбаева іс-шаралардың іске асырылу барысымен Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептерде орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерімен (ИҚК) барып танысты. Жоба Қазақстанның 8 өңірінде жүзеге асырылуда.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Осы екі ИҚК-нің ашылуы арқасында бүгінде ерекше білім алуға қажеттілігі бар 22 бала өз құрдастарымен бірге мектепте оқуға мүмкіндік алды. Бұрын бұл балалар үйде оқытылды және логопед, дефектолог пен психолог сияқты мамандардың жәрдемін тұрақты түрде ала алмады.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды

Жоба Қазақстанның 8 өңірінде жүзеге асырылуда. Әрбір ИҚК үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 10 тьютор (жеке асисстенттерді) дайындады, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің барлық мамандары үшін оқыту жүргізілді. Сонымен қатар әр мектеп сертификатталған мамандардың жылдық курациясымен қамтамасыз етілген.

Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды


Өзгелердің жаңалығы