Бас жаңалықтар
Дариға Назарбаева АҚШ елшісін қабылдады
28 Мамыр 2019, 19:27 473

Дариға Назарбаева АҚШ елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдады. Бұл туралы Cенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық үнқатысуды тереңдету мәселелері талқыланды. 

Тараптар екі елдің парламентшілерінің де, Қазақстан Сенаты мен АҚШ Конгресінің аппарат қызметкерлері арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуды жайында айтты.

Сауда-экономикалық, атап айтқанда шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Өткен жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 37 пайызға өсіп, 2,24 млрд.долларды құрады. Бұл ретте Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 2,5 есеге өсті. 

«Біз осы жетістіктерді мақтан тұтамыз», - деді Уильям Мозер. 

АҚШ елшісі америкалық компаниялар ет өнімдері, атап айтқанда ЕАЭО және Қытай нарығына экспорттау жөніндегі бірлескен жобаларға мүдделі екенін атап өтті. Сенат басшысы агроөнеркәсіп секторында жүргізілген реформалар, басқа да өзекті мәселелер туралы айтып, американдық әріптестерді өздерінің озық тәжірибелерін алмасуға шақырды. 

Қазақстан мен АҚШ-тың аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы айта келіп, тараптар Ауғанстандағы қақтығысты реттеудегі өзара іс-қимылдың маңызды мәселелерін атап өтті. Д.Назарбаева Қазақстанда өткен «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» конференциясы туралы, ауған қыздарын дәрігерлік мамандықтарға оқыту жөніндегі Қазақстан, Өзбекстан және ЕО-мен үш жақты бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабардар етті. 

Осыған байланысты әйелдердің жаһандық дамуы мен өркендеуі жөніндегі Иванка Трамптың бастамасының маңызы атап өтілді. Жоба дамушы елдердегі 50 млн әйелдерге өзінің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесуге арналған. 

«Біз осы бастаманы Орталық Азия мен Ауғанстанда жүзеге асыруда өңір әйелдеріне өздерінің экономикалық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында ынтымақтасуға дайынбыз», - деп атап өтті Д. Назарбаева.

Загрузка...