Дариға Ісмағамбетова Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды

6 Наурыз 2021, 16:27
2354
Бөлісу:
Дариға Ісмағамбетова Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Дариға Ісмағамбетова Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Дариға Ісмағамбетова 1975 жылы дүниеге келген.  Білімі жоғары, Ақтөбе «Дүние» университетін педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің кітапханашысы болып бастады. Әр жылдары Қобда ауданы Калиновка орта мектебінің тәрбиешісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектебінің мұғалімі, №15 орта мектебі директорының орынбасары, директоры лауазымдарында қызмет атқарды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды. Осыған дейін «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы