Дәрі-дәрмек енгізу кезіндегі медициналық қызметкердің әрекетін реттейтін бұйрық шықты

8 Ақпан 2019, 12:18
3593
Бөлісу:
Дәрі-дәрмек енгізу кезіндегі медициналық қызметкердің әрекетін реттейтін бұйрық шықты

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейтін бұйрық күшіне енді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымда № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойды. 

Бұйрық халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аллергиялық реакциялардың алдын алу мақсатында медициналық дәрі-дәрмектерді енгізу кезіндегі медициналық қызметкерлердің әрекеттерін реттейді.

Дәрі-дәрмектерді (әсіресе антибиотиктер, анестетиктер, миорелаксанттар, нейролептиктер, антикоагулянттар, ақуыз немесе сарысу негізіндегі препараттар, рентгенконтрасты заттар) қолдана отырып, медициналық көмек көрсетудің кез келген кезеңінде қолдануға мүмкіндік беретін, пациентті ауыр аллергиялық реакциялардың дамуынан қауіпсіздендіретін, дәрілік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау үшін түсіну және қолданудың қарапайым алгоритмі ұсынылған.

Таблеткалы препараттарды тағайындаудан бастап реанимацияда ауыр жағдайларға дейін әр түрлі жағдайларда қолданылуға мүмкін болатын, дәрі-дәрмектік аса жоғары сезімталдықты диагностикалау әдісін таңдау жолдары ұсынылған.

Республикада алғаш рет бастапқы иммундық тапшылық күдігі бар пациенттерді жіберу алгоритмі бекітілді, ол пациенттердің осы ауыр санатына уақытылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Осы бұйрық 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіні және 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде бекітілгенін атап өту қажет.

 

Өзгелердің жаңалығы