Назарбаев халықты дәрімен қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды

8 Қаңтар 2019, 11:14
4259
Бөлісу:
Назарбаев халықты дәрімен қамтамасыз ету туралы заңға қол қойды

Астана, baq.kz. Мемлекет басшысы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы