Дәрі-дәрмек тиелген көлік жол бойында өртеніп кетті
17 Қараша 2021, 20:23 105

Дәрі-дәрмек тиелген көлік жол бойында өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында күре жолдың бойында дәрі-дәрмек тиелген «ГАЗель» көлігі өртеніп кетті. 

Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға кеше сағат 23.49-да Орал-Атырау жолының 105-шақырымында, яғни Ақжайық ауданы Самал ауылы тұсында болды.

«Муратова» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі, 21 жастағы жүргізуші жүргізіп келе жатқан «ГАЗель» автокөлігі отқа оранды. Өрт сағат 00.45-те оқшауланып, 01.15-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.



Фото: дереккөз
Загрузка...