Енді дәрі бағасы негізсіз көтерілсе, 109 нөміріне шағымдануға болады

5 Шілде 2020, 19:03
1318
Бөлісу:
Енді дәрі бағасы негізсіз көтерілсе, 109 нөміріне шағымдануға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтар 109 нөмірі арқылы шағым қалдыра алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектердің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды. 

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз, – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында 


 

Өзгелердің жаңалығы