Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды

14 Қараша 2019, 11:49
2979
Бөлісу:
Дариға Назарбаева ресми сапармен Арменияға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының делегациясы Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянның шақыруымен Армения Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының сапары бағдарламасында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Арарат Мирзоянмен, премьер-министр Никол Пашинянмен және президент Армен Саркисянмен кездесулері бар, - делінген хабарламада.

Жүздесулерде Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық қатынастарды дамытудың келешегін талқылау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы