Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, жеке тұлғаларға пәтерін жалға беруге болады ма?

28 Ақпан 2019, 19:34
2991
Бөлісу:
Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, жеке тұлғаларға пәтерін жалға беруге болады ма?

Астана, BAQ.KZ. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жұмысшылар еңбегін тұрақты түрде қолданбайтын жеке тұлғалар, мүліктік табыс алған жағдайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салық агенті болып табылмайтын тұлғаларға (жеке тұлғаларға) мүлікті жалға беруден жеке тұлғаның (дара кәсіпкер емес) алған табысы мүліктік табысқа жатқызылады. Сәйкесінше, жеке тұлғаға пәтерін жалға берген жеке тұлға, табысының мөлшеріне байланыссыз, дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.

"Бұл ретте, осындай жеке тұлғаның орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысан) мүліктік табыс алған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру бойынша міндеттемесі пайда болады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жеке тұлғаға 10% мөлшерлемесімен жеке табыс салығын есептеуі және мүліктік табыс алған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлеуі қажет.

"Мәселен, егер пәтер 2018 жылы жалға берілген болса, онда декларацияны 2019 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру қажет. Мерзімнің соңғы күні, яғни 2019 жылғы 31 наурызда демалыс күнге сәйкес келетінін ескере отырып, салық есептілігін табыс ету мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады", - деп түсіндірді комитетте.

Электрондық түрде декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (СТК) Web-қосымшасы арқылы мына мекенжай бойынша беруге болады: cabinet.salyk.kz немесе СЕӨЖ АЖ клиенттік қосымшасын пайдалана отырып, салық төлеушілер үшін СЕӨЖ АЖ электронды түрде СЕӨЖ өткізудің баламалы тәсілі ретінде іске асырылады.

Осы ақпараттық жүйені және жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулығын сілтемесі бойынша жүктеуге және танысуға болады.

Интернетке кіруге мүмкін болмаған жағдайда, әрбір аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің терминалдары бар компьютерлерден жіберу керек.


Өзгелердің жаңалығы