Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі болмайды

23 Шілде 2019, 13:15
1098
Бөлісу:
Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данияр Елеусіновтің мексикалық Оскар Кортеспен (27-4,14 КО) 27 шілдеге белгіленген жекпе-жегі кейінге шегерілді. Бұл туралы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев айтты.

Елеусіновтің өкілінің айтуы бойынша, спортшы суықтап қалған.

"Даниярдың жекпе-жегі болмайды. Бұл ресми хабарланды. Эдди Хирнмен сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп бердім. Бұл жекпе-жекті алдағы уақытқа жылжыттық. Жекпе-жек тамыз айының соңы не болмаса қыркүйек айында болады. Әзірге нақты білмейміз, ресми дата әлі белгілене қойған жоқ. Келесі жекпе-жек титул үшін болу керек, бұл жайтты қарастырып жатырмыз. Үлгеруіміз қажет. Даниярдың келесі жекпе-жегі титулды болмақ, осы тұсты қарастырып жатырмыз. Келесі жекпе-жектен бастап белгілі бір ұйымның рейтингісінде көтерілуі үшін, оппозиция тұсын көтереміз", - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы