5 ұлттық парктің тұжырымдамасы әзірленді – Данияр Тұрғамбаев

2 Қараша 2021, 13:24
1177
Бөлісу:
5 ұлттық парктің тұжырымдамасы әзірленді – Данияр Тұрғамбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлім етті.

Бұл бағытта біз ұлттық парктердің концепциясын әзірлеп, әр парк бойынша бекітіп жатырмыз. Біз басқа да дамыған елдердің парктеріндегі тәжірибеге сүйеніп, олардан үлгі алып, енгізу қарастырылуда. Қазіргі уақытта 5 ұлттық парктің концепциясы әзірленіп, бекітілді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс оң нәтижесін беріп жатыр. Ақылы төлемдер жасау мен визит орталық салу сол секілді туристік бағыттарды абаттандыру жұмыстары жүруде, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Орман шаруашылығы және жануралар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Данияр Тұрғамбаев елордадағы Талдыкөл көлін жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазіргі таңда білікті мамандар мен ботаниктер осы мәселені жан-жақты қарастырып жатыр. Өйткені ол жерде миграциямен келетін құстар бар. Келген қоқиқаздарды басқа жаққа қоныс аудартайық деген ұсыныстар айтылған еді. Зерттелу үстінде. Нәтижесіне қарай ақпарат беріп отырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы