Бас жаңалықтар
Данияр Елеусінов кәсіби бокста жетінші жеңісіне жетті
26 Мамыр 2019, 10:27 597

Данияр Елеусінов кәсіби бокста жетінші жеңісіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэнуді жеңіп, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 25-нен 26 мамырға қараған түні Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Жұдырықтасу барлығы алты раудқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық бір ауыз шешіммен жеңіске жетті. Екі төреші 60-54, ал біреуі - 59-55 ұпай берді.

Енді 27 жастағы спортшының еншісінде жеті жеңіс бар. Олимпиада чемпионы 2018 жылдың сәуірінде профиге алғаш шыққан. Жеті жекпе-жектің төртеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда, тағы бірін Монакода өткізіп, жеңіске жеткен.

Фото: дереккөз
Загрузка...