Даниал Ахметов: Бұл - Қазақстан тарихына жаңа көзқарас

10 Шілде 2019, 13:45
2128
Бөлісу:
Даниал Ахметов: Бұл - Қазақстан тарихына жаңа көзқарас

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай өңіріндегі Елеке сазы археологиялық қазба алаңында болып, ондағы археологтармен кездесті.

66458280_143778410139025_6076674130160123904_n.jpg

"Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапарым аясында Елеке сазы алқабына бардым. Қазіргі таңда біз аймақтың археологиялық ескерткіштерін зерттеу бойынша облыстық бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асырудамыз. Еліміздің мықты археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев 25 шақырым аумақта кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр" - деп жазды әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

66452168_143778243472375_5936189993335652352_n.jpg

Оның айтуына қарағанда, ерекше айналмалы қоршауы бар «Патша» қорымынан қызықты жәдігерлер табылған.

"Мұнда Еуразия кеңістігіндегі мүйізі алтын сымнан өрілген жалғыз бұқаның бейнесі табылды. Алтын әшекейлер мен үлкен көлемде алтын арқарлар және ұсақ моншақтар да бар. Бұл - Қазақстан тарихына жаңа көзқарас. Халқымыздың тарихын қайта жаздыратын тың мұралар. Біз тек көшпелі ел болмағанымызды айқындайды. Ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі 8 ғасырда жоғары деңгейдегі өркениетті қалыптастырғанын дәлелдейді. Бірнеше айдың ішінде бұл әлемге тарихи даму тұрғысында жаңа Қазақстанды көрсетеміз" - дейді әкім.

66628336_143778283472371_1186458477564788736_n.jpg

Сонымен қатар әкім екі аптадан кейін Әбдеш Төлеубаев басқарған экспедиция мүшелері «Сардар-1» үлкен жерлеу камерасын ашатынын айтты.

"Қазірдің өзінде зерттеу барысында аталған қорым қасынан бірқатар көне медициналық құралдар табылған. Айта кетейін, биыл біз «Ұлы дала алтындары» көрмесін Стамбул қаласында ұйымдастырамыз. 2020 жылы Англия елінің көрмелеріне жеткізу жоспары тұр" - деді Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы