Бас жаңалықтар
Даниал Ахметов: 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады
02 Шілде 2020, 22:30 212

Даниал Ахметов: 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен коронавирус инфекциясының таралуын тежеу, карантиндік және шектеу шаралары бойынша жиын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram парақшасында жазды.

Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардағы төсек-орын санын 50%-ке арттыруды тапсырды. Біз өңірде аталған санаттағы төсек-орын санын 400%-ке арттырдық. Бүгінде 1700 инфекциялық және 2500 карантиндік орын әзір. Барлық қалалық және аудандық ауруханаларда қарқынды терапия палаталары дайындалып, диагностика мен зерттеулердің бірыңғай алгоритмі әзірленді. Қалалар мен аудандар әкімдері мен медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, сондай-ақ, дәрігерлердің өз арасындағы іс-қимыл жүйесі жолға қойылды, - деп жазды ол. 

Облыс бойынша COVID-19 бар науқастарды тиімді емдеуді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдануда. 

Бүгінде бізде 50 рентген-аппарат, 196 ИВЛ аппараты бар және қосымша тағы 50 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып аламыз. Бүгінде облыста 15 компьютерлік томограф бар, бұл нормадан 2 есе көп. Бұдан басқа, пандемия жағдайындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес компьютерлік томографияның әрбір аппараты белгілі бір ауданға бекітілген. Қазіргі уақытта медициналық техника жеткілікті, қосымша төсек жанындағы мониторларды, балалар ӨЖЖ және басқа да техниканы сатып алу мәселесі қарастырылуда. Барлық дәрігерлер жүз пайызға жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тамыз айында ең заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған 100 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспары бекітілген, - деді әкім.
Өкінішке қарай, аймақ бойынша тек маусым айында коронавируспен ауыратын науқастар саны 135-тен 710 адамға дейін күрт өскен. 
Жиын барысында аймақта шектеу шараларын қайта бастау мәселесі талқыланды, өйткені, тәжірибе көрсеткендей, коронавирус инфекциясының таралуын тек осылай тоқтатуға болады. Аймақ ішінде жүру тыйылады. Демалыс күндеріне толық шектеу жарияланады. Айта кетейін, біз бизнестің жұмыс істеп, тұрғындардың жалақы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деп жазды әкім.


Фото: дереккөз
Загрузка...