Бас жаңалықтар
Даниал Ахметов облыс орталығындағы нысандардың құрылысын қадағалады
02 Тамыз 2021, 19:19 372

Даниал Ахметов облыс орталығындағы нысандардың құрылысын қадағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемендегі бірнеше құрылыс алаңын аралады. Атап айтқанда, ол әлемдік стандартқа сай төрт қабатты теннис орталығының құрылысымен танысты.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ әкімінің айтуынша, елімізде әлі дәл мұндай теннис орталығы салынған жоқ. Онда негізгі залдан бөлек жаттығу орны, қонақтарға арналған жайлы демалыс аймағы, сондай-ақ, дене шынықтыру диспансері болады.


Қазір ішіндегі бөлмелер мен жабдықтардың қалай орналасатынын нақтылу керек. Бұл өте маңызды шаруа. Сол үшін біз жобалық жұмыстарға жаттықтырушыларды тарттық. Олардың қатарында дарынды спортшылардың бірнеше буынын тәрбиелеген Сергей Литвинов бар, - деді облыс әкімі.

Содан кейін аймақ басшысы қарағандылық компания салып жатқан «Satti Citу» тұрғын үй кешеніне барды. Д.Ахметов жалпы кешендегі құрылыс процесіне көңілі толмайтынын айтты.


Өкінішке қарай, облыс орталығының басқа да көптеген құрылыс алаңында өндіріс мәдениеті жоқ. Шашылған қоқыс, техникалық қауіпсіздік пен басқа да құрылыс жүргізу талаптары сақталмайды, жұмысшыларға жағдай жасалмайды, - деді әкім.

Облыс әкімі бұл мәселені реттеудің жөнін айта келе, бірегей гематологиялық орталықты үлгі етті. Оны салғанда бәріне ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін барлық жағдай жасалған.


Мен құрылыс компанияларына алаңдарды он күн ішінде ретке келтіруді тапсырдым. Он күннен кейін әр құрылыс нысанын қайта тексеремін, - деді Даниал Ахметов.


Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарын аралаған аймақ басшысы жөндеу жұмыстары аяқталған Есенберлин көшесін көріп, Сәтбаев даңғылындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар ШҚО әкімі шағын жиын өткізіп, Целинная, Пограничная және Карбышев көшелерін кеңейту жоспарын әзірлеуді тапсырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...