Данэлия Төлешова жаңа әнін таныстырды

22 Шілде 2019, 09:41
1678
Бөлісу:
Данэлия Төлешова жаңа әнін таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова жаңа туындысын ұсынды. Бұл туралы Данэлия Instagram-дағы парақшасында жазды.  

13 жасар әнші Youtube-ке «Мама» әнінің клипін жариялады. Бұл композицияны ол қазақша орындады. 

«Достар, менің «МАМА» атты жаңа әнім жарыққа шықты. Біз бұл өлеңді ұзақ уақыт бойы өңдедік. Ұнамаған жерлерін бірнеше рет түзетіп, қайта жаздық. Міне, өлеңім де шықты! Бұл өлең – анамды қалай жақсы көретінім туралы. Оны барлық анаға арнаймын, себебі әр адамның анасы жалғыз! Анаңмен өткізген әрбір сәтті бағалау қажет!», - деп жазды Данэлия Төлешова Instagram-дағы парақшасында. 

Сонымен қатар, талантты әнші аталмыш композицияны шығаруға атсалысқан барлық музыкант құрамына алғыс айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы