Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,6 млн гектар жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жалпы жинау алаңының 85,7%-ын құрайды.
Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден айналып, 12,5 млн тонна астық түсті.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,3 млн гектар (89%) егіс алқабы орылып, 8,6 млн тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 8,4 центнерден айналды.