Дан Петреску: «Астананы» жолда қалдырғымыз келеді

17 Шілде 2019, 10:17
2135
Бөлісу:
Дан Петреску: «Астананы» жолда қалдырғымыз келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ЧФР Клуж командасы мен Қазақстанның «Астана» клубтары қарымта кездесу өткізеді. 

Осы ойынның алдында Румыния командасының бас бапкері Дан Петрескудың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

«Біз қарымта ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Сондықтан Чемпиондар лигасындағы жолымызда жалғастыру үшін барынша жақсы нәтижеге жетуге тырысатын боламыз. «Астана» Чемпиондар лигасында өте сәтті өнер көрсетіп жүр. Ал ішкі біріншілікте ұпай жоғалтып жүргенін білеміз. Сол себепті Қазақстан премьер-лигасындағы ойынын қарап, ол жақта жіберген қателіктері мен осал тұстарын табуға тырыстық», - дейді Дан Петреску.

Бұл маман бұған дейін Ресейдің «Кубань» және «Динамо» командаларын жаттықтырған еді. Бұл командалар қорғанысқа көп көңіл бөлетін ұжымдар болатын. Бірақ  ЧФР-дың қандай тактика қолданатыны қарсыласқа да байланысты. 

«Ойын барысы толықтай бізге байланысты емес. Алайда, біз бұл кездесуде гол соғып, келесі кезеңге өтуге тырысамыз», - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы