Басқарма төрайымы "Дамудың" 2020 жылғы жоспарымен бөлісті

20 Қаңтар 2020, 14:54
1860
Бөлісу:
Басқарма төрайымы "Дамудың" 2020 жылғы жоспарымен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отандық бизнеске қолдау көрсететін "Даму" қоры 2020 жылғы дамудың бірнеше негізгі бағытын айқындады. Акционерлік қоғамның басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева алдағы жоспарларын мәлім етті. 

Микро және шағын бизнестегі кәсіпкерлердің мемлекеттік жеңілдікті несиеге қол жеткізуін одан әрі қамтамасыз етеміз. Микро-қаржы ұйымдарының санын көбейтіп, Қор салатын қаражатты 4 млрд теңге болады. МҚҰ арқылы ұсынылатын қаржылық өнімдер санын көбейту арқылы кепілдікті арттыру, лизинг және факторингке берілетін жаңа кепілдік шарттарын енгізу, "Өңірлік кепілдікді" дамытуды алға қоямыз, - деді "Даму" басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Қордың тікелей бастамасымен биылғы жылдың мамыр айында отандық өндірушілердің "Ulttyq ónim" көрмесі өтеді. Бұдан басқа, қаржыландырудың альтернатив механизмдерін енгізу, оның ішінде құнды қағаздар шығару ісі жолға қойылмақшы.

Ислам қаржыландыру құралын қосу, ШОБ дамыту үшін сырттан 50 млрд теңгеге дейін қаражат тарту және кәсіпкерлікті дамытудағы халықаралық қаржы институттарымен әріптестікті әрі қарай дамыту – біздің басты айқындалған бағытымыз, - деп атап айтты Гауһар Бөрібаева. 

Сөз соңында Басқарма төрайымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының микро, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының дамуына баса назар аударып, олардың сырттағы сауда айналымына серпін беріп, Қазақстанды жайлы бизнес климатты ел ретінде насихаттауды жалғастыратынын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қор микро, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының ел экономикасындағы ІЖӨ үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға арттыруды көздеп отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр "Даму" қоры 23 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Сондай-ақ, "Даму" қорындағыларқордың жеңілдетілген несиелері не себепті қымбат мүлігі бар, жұмыс істеп тұрған бизнесі бар, не болмаса кепіл бола алатын танысы бар адамдарға ғана беріледі? деген саулдарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы