Дамир Исмагулов - Тиаго Мойзес жекпе-жегіне арналған промо-ролик жарияланды

25 Тамыз 2019, 09:34
1365
Бөлісу:
Дамир Исмагулов - Тиаго Мойзес жекпе-жегіне арналған промо-ролик жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Prosports.kz Youtube арнасы Дамир Исмагуловтың UFC-дегі жекпе-жегіне орай жанкүйерлік промо-ролик дайындады. 

Ресейде тұратын этникалық қазақ 31 тамызда бразилиялық Тиаго Мойзеспен жекпе-жек өткізеді. Бұл оның әлемдегі ең үлкен промоушен қатарында үшінші мәрте октагонға шығуы болмақ.  

Исмагулов соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында өткізді. Ол кезде Йоэль Альваресті төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Өзгелердің жаңалығы