Дәленов қарамағындағы қызметкеріне сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жұмыстан кететінін айтты

30 Мамыр 2019, 11:53
2079
Бөлісу:
Дәленов қарамағындағы қызметкеріне сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жұмыстан кететінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакупов 3 жылға сотталды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сот шешімі шығып, заң күшіне енген кезде жұмыстан шығатынын айтты. Бұл туралы Bnews.kz жазды. 

«Сот шешімі заңды күшіне енген кезде мен жұмыстан шығамын», - деді Руслан Дәленов. 

Ұлттық экономика министрі бұл – бірінші басшының моральдық міндеті екенін атап өтті. 

«Бұл – дұрыс практика. Жұмыстан кету – бірінші басшының моральдық міндеті. Оның қаншалықты кінәлі болғанын жоғары басшылық анықтайды», - деді Дәленов. 

Айта кетейік, 29 мамырда елорданың Есіл аудандық сотында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Джакуповқа қатысты сот тыңдалымы аяқталды. Оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза белгіленді. 

2019 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры 500 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы