Бұл қазақ даласында ежелден болған құбылыс – ерікті

30 Маусым 2020, 14:35
2099
Бөлісу:
Бұл қазақ даласында ежелден болған құбылыс – ерікті
EX
Фото: автордан

2020 жыл – Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланды. Мақсат – жастарды аталған қозғалысқа қатысуға ынталандырып, қолдау көрсету. "Birgemiz Taza Alem" және "Birgemiz Asyl Mura" жалпыұлттық жобаларының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі Бахытжан Тұрсынов еріктілер қозғалысы қазақ даласында ежелден бар екендігін айтады. Белсенді жаспен BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасқан еді.

- Жалпы "волонтер" деген кім? Біздің елімізде бұл қозғалыс қаншалықты дамыған?

- "Волонтер" шет елден келген термин. Өте ауқымы ұғым. Батыста аталған қозғалыс қарқынды дамыған. Бірақ бұл үрдіс қазақ даласында да ежелден болғанын атап өткім келеді. Ертеректе ата-бабаларымыз бір-біріне көмектесіп, оны "асар" деп атағаны баршамызға аян. Бірнеше адамның шамасы келмейтін шаруаны ел болып атқарған. Қазақ қиын қыстау кезеңде бір-біріне қол ұшын созып, ол үшін өзгелерден ештеңе талап етпейді. Бұл әрекет "волонтер" атауымен тікелей үндес деуге болады. Сондықтан бұл бізге жаңадан келген ұғым емес. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл «Еріктілер жылын» жариялауы тегін емес. Коронавирус пандемиясының кесірінен әлемде қалыптасып отырған жағдайда еріктілер көпшілікке үлкен қолғабыс жасап жатыр. Көмекке мұқтаж адамдарға аянбай қол ұшын беріп жатқанының куәсі болып, сол жұмыстарға өзім де атсалысып жүрмін. Бұл орайда "Біргеміз" акицясын атап өтуге болады. Көптеген мұқтаж адамдарға азық-түлік таратылды. Біреуге риясыз көмектесу, сол үшін жауап күтпеу, ештеңе талап етпеу – адам бойындағы керемет қасиеттерің бірі. Қоғамымызда сондай жандар көбірек болса, нұр үстіне нұр болар еді.

- Жалпы еріктілердің еңегі тиісті бағасын алып отыр ма, қоғамның оларға деген көзқарасы қалай?

- Біздің қоғамда еріктілерге дұрыс көзқарас қалыптаспаған. Оларға көпшілік қарапайым жұмыс күші ретінде ғана қарайды. Еріккеннің ермегі деп санайтындар да бар. Еріктілік – қарттарға жолдан өтуге көмектесу сынды әрекеттермен шектелмейді. Еріктілер түрлі бағыттарда жұмыс атқарады. Мысалы өз еркімен еліміздің экологиялық, әлеуметтік тағы басқа мәселелерін зерттеп, шешімін табуға атсалысады. Өз белсенділігі арқылы түрлі олқылықтардың орнын толтыруға күш салады. Қарапайым ғана тағы бір мысал келтірсек, интернет желілерінде жануарларды қорлаған видеолар жиі кездеседі. Еріктілер адамшылыққа жатпайтын мұндай әрекеттерге қарсы шығып, сол тіршілік иелеріне араша түседі. Жалпы өзгенің басындағы проблеманы сезініп, оған көмек қолын созу – адамға отасындағы тәрбиемен келетін қасиет. Қазақ ұрпағына "сен волонтер бол" демейді. "Өзгенің ала жібін аттама, шамаң келсе көмектес, үлкендердің ақ батасын ал" деген ақылын санасына сіңіріп отырады. Ондай балалар ер жеткенде өзінің бойындағы қарым-қабілеті арқылы қоғамымызды жақсартуға әрекет ететін болады. Яғни адам жақсылық жасамаса да, біреуге зиянын тигізбесе – соның өзі ізгілік. Ал волонтерлар күн сайын қаншама жанға көмегін тигізіп, айналадағы адамдардың бақытты болуына өз үлестерін қосып жатыр. Ол – баға жетпес еңбек деп білемін.

- Еріктілер тарапынан тағы қандай жаруалар жүзеге асырылуда?

- Тұрақты түрде донорлықпен айналысатындар бар. Өзінің қанын беру ақырқылы олар қаншама адамның жанына араша түсіп жатыр. Достарымның арасында да сондай жігіттер барын мақтан тұтамын. Бұның барлығы адамгершілікке келіп тіреледі. Әр адам қолынан не келсе, сол қасиетті айналасындағылардың игілігіне пайдалануы тиіс.

- "Birgemiz Taza Alem" және "Birgemiz Asyl Mura" жалпыұлттық жобаларының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша координаторысыз. Аталған жобалардың маңыздылығы мен көздеген мақсатына тоқталып өтсеңіз...

- Еріктілер жылы аясында Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Birgemiz Taza Alem" және "Birgemiz Asyl Mura" жалпыұлттық жобаларын қолға алып отыр. Бұл өте ауқымды жұмыс. Мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі қызметіне сайландым. Оның жауапкершілігінің жүгі салмақты. Бұл жұмысты тиісті деңгейде атқарып шығу үшін аянып қалмаймын. Жоба экология бағытындағы еріктілікті дамыту арқылы, қоршаған ортаның проблемаларын шешуді көдейді. "Birgemiz Taza Alem" жобасының Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында орталықтары бар. Еуропа елдерінде адамдар таңғы жүгіріске шыққанда спорпен шұғылданып қана қоймай, маңайдағы қоқысты көзі шалса, кідіріп, соны тазалайды. Біз де осыны әдетке айналдыруымыз керек. Оған еріктілерді тарту көзделген. "Birgemiz Asyl Mura" жобасы жайында айтар болсақ, оның бірнеше бағыты бар. Солардың бірі қазба жұмыстарымен айналысып, тарихымызды зерттеу, зерделеу. Және тағы бір жұмыс – біздің баға жетпес мәдени мұрамыз болып табылатын тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру, реставрация жасау. Көбіне қараусыз қалып, сыртқы ортаның, адамдардың кесірінен бүлініп жатқан ескерткіштерді жөндеуді көздейміз. Үшіншісі – ерікті-гид. Яғни тарихи, мәдени орындарға экскурсия ұйымдастыру. Сол жерлерді зерттеп, мәлімет жинастырып, өзгелермен бөлісу. Өңірімізде шежіресі бай ескерткіштер жетерлік. Оны насихаттауымыз керек. Осы екі жобаны жүзеге асыруға республика бойынша мыңға жуық ерікті тартылып отыр.

- Волонтерлықпен айналысатындарға қандай да бір қолдау көрсетіле ме?

- Әрине. Міндетті түрде. Еріктілерге Азаматтық бастамаларды қорғу орталығы тарапынан көмек көрсетіледі. Оларды қолдауға бағытталған түрлі шаралар жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған жобалар аясында 68 шыған грант ойнатылды. Көлемі 300 мың теңге. Бұл да ерктілер үшін айтарлықтай көмек, ынталандыру. Осы қаржының көмегімен олар өздерінің көздеген мақсаттарын жүеге асыра алады. Жергілікті жастан оған белсенді қатысып жатқанын атап өткім келеді.

- Жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз?

- Павлодар облысында тамыз айында үшкүндік лагер ұйымдастыру көзделуде. Республика волонтерларының басын қоспақпыз. Жиында экология мәселелерін шешуге бағытталған жұыстармен таныстыру жоспарланған. "Birgemiz Asyl Mura" аясында "Музейдегі түн" жобасын да қолға алмақпыз. Оның барысында еріктілер тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, викториналық сұрақтарға жауап береді. Бейнероликтер сайысы ұйысдастырылады. Оған қатысушылар белгілі бір археологиялық қазба жұмыстарына қатысып, өз камераларына түсіру мүмкіндігіне ие болады. Оны өңдеп, өз парақшасында жариялау арқылы сайысқа қатысады. Ең мықты жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ол Тараз қаласында өтетін үлкен жиында қорытындыланбақ. Жоспарымыз осындай. Тек оның толыққанды жүзеге асырылып-асырылмауы еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты болып отыр.

- Еріктілік – өз уақытыңды, күшіңді сапрп етіп, өзгеге көмек қолын созу. Мұндай әрекетке кез келген адам бара бермейді. Дегенмен, соңғы жылдары елімізде бұл қозғалыстың дамып, еріктілердің саны артып келе жатқандығы байқалады. Волонтерлықпен айналысуды ниет етіп жүрген жастарға не айтар едіңіз?

- Қоғамға аз да болса пайдасын тигізіп, игі іс жасағысы келген азаматтар болса, мені әлеуметтік желілердегі парақшам арқылы тауып алып, байланысқа шығуына болады. Өңірде жұмыс істеп тұрған еріктілер орталықтарына барып та, тіркелуге болады. Аталған қозғалыстың мүшесі болу – міндет емес. Ең бастысы алға ерікті болу жөнінде мақсат қойып, сол мақсатты жүзеге асыру, өзгелерге көмектесу. Сын пікірлерге құлақ аспай, алға ұмтылу.

- Сұхбатыңызға рхмет!
Өзгелердің жаңалығы