ДАИШ-тің жаңа басшысы белгілі болды

21 Қаңтар 2020, 16:36
1632
Бөлісу:
ДАИШ-тің жаңа басшысы белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ.  Түрікмен Әмір Мұхаммед Абдул Рахман әл-Мавли әл Салби  "Ислам мемлекетнің" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшысы болды. Бұл туралы The Guardian басылымы барлау қызметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Газеттің мәліметі бойынша Салби ДАИШ-тің бұрынғы басшысы Абу Бакра әл-Багдади өткен жылдың қазан айында Сирия жерінде өлген соң бірнеше сағаттан кейін оның орнына келген. 

Әмір әл Салби ДАИШ-тің негізін қалаушылардың бірі әрі идеологы саналады. Әл-Багдадидің тұсында ол Сирия мен Ирак жеріндегі христиандарға қарсы жасалған геноцидті басқарған. Сонымен қатар содырлардың әлем бойынша жасаған операцияларына жауапты болған.

Жаңа басшы араб емес, ол Ирактағы түрікмен отбасында өмірге келген.

Өзгелердің жаңалығы