Бір аптада 50-ге жуық әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді

14 Тамыз 2019, 21:13
2011
Бөлісу:
Бір аптада 50-ге жуық әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ІІМ баспасөз қызметі 7-13 тамыз аралығында республика аумағында өткізілген «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен бөлісті. 

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - ІІО-да профилактикалық есебінде тұрғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, спирттік ішімдіктерді, есірткі және уытты заттарды мөлшерден артық пайдаланып, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқық бұзушылыққа жол беретіндерді анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тұрмыста қылмысқа баруына жол бермеу және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу.

Кәмелетке толмағандар тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

«Іс-шараға жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Тәулік бойы Сенім телефондары жұмыс істеді, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 500-ден астам өтініш келіп түсті, соның негізінде 46-дан астам әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді, қажет болған жағдайда заңдарға қатысты кеңестер берілді», - деп хабарлады ІІМ-де.

IMG-20190814-WA0010.jpg

Министрліктің мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция органдарының алдын алу есебінде тұрған 70 мыңға жуық адам (17 мыңға жуық «отбасы шырқын бұзушы», 34 мыңға жуық ішімдікке салынған адам және 8,5 мыңнан астам қолайсыз отбасы) тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Шара барысында тағы 6 мың адам анықталып, есепке қойылды (4,5 мыңнан астам «отбасы шырқын бұзушы», 1 мың маскүнем мен нашақор, 519 қолайсыз отбасы).

IMG-20190814-WA0011.jpg

«Отбасылық-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3 мыңнан астам құқық бұзушы (оның ішінде 1 мыңнан астамы ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін, 280-і қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін, 350-ге жуығы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және (немесе) білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны үшін) емделді. Алдын алу бағытында әңгіме өткізу үшін полиция органдарына 27 мың адам жеткізілді», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы