Бас жаңалықтар
Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды
01 Ақпан 2019, 21:49 644

Еліміздің екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 2 ақпан күні еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс және шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.

Сізден жаңалық