Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының финалына шықты

19 Қыркүйек 2019, 18:10
1913
Бөлісу:
Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында еркін күрестен  65 келідегі Дәулет Ниязбеков финалға өтті.

Дәулет Ниязбеков жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы, үндістандық Баджранг Пуниямен белдесті.

Аса тартысты өткен белдесу 9:9 есебімен тең аяқталды. Алайда, төрешілер төрт ұпайлық сапалы әдіс жасаған  Ниязбековті жеңімпаз деп таныды. 

Енді, ол ертең финалда  екі дүркін Еуропа дүркін чемпионы, ресейлік Гаджимурат Рашидовпен алтын жүлдеге таласады. 

Сондай-ақ Дәулет Қазақстанға еркін күрестен Олимпиада ойындарына 65 келінің лицензиясын сыйлады. 

Өкінішке қарай, 57 келідегі отандасымыз Нұрислам Санаев жартылай финалда ұтылды. Ол осы салмақтағы әлемдік рейтингтің көшбасшысы Сүлеймен Атлыға (Түркия) есе жіберді.  Санаев ертең қола жүлде үшін күреседі.

Дегенмен, оның еншісінде де Олимпиада жолдамасы бар.
Өзгелердің жаңалығы