Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД-ға мүше елдер арасында 2005 жылы келісім қабылданғаннан бері 220-дан аса көліктің тек 30 пайызы елге қайтарылған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2005 жылғы 25 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге "өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланған болатын.
Бұл хаттамаға ТМД елдерінің бірнеше ішкі істер министрі қол қойды. Олардың арасында Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Молдова, Қазақстан және Қырғызстан бар. Хаттаманың негізгі мақсаты - ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғау. Келісім бірқатар мәселелерді шешеді. Келім қабылданған 2005 жылдан бастап, осы кезге дейін ұрланған 220-дан астам көліктің тек 30 пайызы елге қайтарылды. Өйткені, сұрау салу нормалары дұрыс жұмыс істемеген, - дейді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, бұл кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа нормалар енгізілген.
Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға 1 ай ғана уақыт беріледі. Сондай-ақ сұрау салуға қатысты ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет. Одан бөлек, хаттамада жол-көлік, табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімен беру көзделген. Кеден орындарымен ақпарат алмасу және бір жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік анықталса, сол мемлекеттің меншігінде анықталса сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылады. Бұл жерде бір ескертпе, біздің мемлекетте шекарадан өтетін көліктер туралы ортақ ақпараттық деректер базасы жоқ. Сондықтан бұл норма Қазақстанға қолданылмаған, - деді министр.