Бас жаңалықтар
Дәріні алып-сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды
14 Шілде 2020, 01:25 250

Дәріні алып-сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында астыртын дәрі-дәрмек сату дерегі анықталды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Полиция қызметкерлері қызу түсіретін препараттарды алып-сатумен айналысқан 45 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Фармтауарлар өз бағасынан 5 есе қымбатқа сатылған. Құқық қорғаушылар дәрілердің заңсыз сатылу ошақтарын анықтау үстінде. Ал қоғамдық ұйым өкілдері мен антикор мамандары дәріханалар жұмысын ұдайы назарда ұстап отыр. Рейдтік тексерулер күнделікті жүргізіліп жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін жергілікті билік дәріханалар желісімен меморандум жасасты. Келісімге сәйкес бір қолға парацетамол мен аспириннің тек 3 қорабы беріледі. Тұрғындар көп сұрайтын дәрілік заттардың келу кестесі көпшілікке алдын ала хабарланады.

Қаланың дәріханаларында аспирин, парацетамол сияқты дәрі-дәрмектердің бар болуы анықталды. Сонымен қатар цев-3, арбидол, азитромицин сияқты дәрілердің жоқтығы анықталып жатыр. Осыған байланысты қазіргі кезде тиісті шараларды біз әкімдік, сонымен қатар біздің министрліктің алдында көтеретін боламыз, –  деді облыстық антикоррупциялық қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.





Фото: ашық дереккөз
Загрузка...