"Дәрілерді іздеу" сервисі іске қосылды

4 Шілде 2020, 10:24
1405
Бөлісу:
"Дәрілерді іздеу" сервисі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Smart Astana мобильді қосымшасында "Дәрілерді іздеу" сервисі іске қосылды. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды.

Дәрілік препараттарды іздеуді жеңілдету үшін Smart Astana мобильді қосымшасында "Дәрілерді іздеу" сервисі іске қосылды. "Медицина" бөлімінде "Дәрілер i-teka" белгішесін шертіп, әрі қарай өзіңізге керек дәрінің атауын жазу керек. Жүйе бұл дәрі сатылатын дәріханалардың тізімін шығарып береді, - деп жазды ол. 

Өзгелердің жаңалығы