Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үйдің қасбетіне сурет салынып жатыр

18 Сәуір 2020, 20:15
4671
Бөлісу:
Дәрігерлердің құрметіне тұрғын үйдің қасбетіне сурет салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордада коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің бейнесі тұрғын үй кешенінің қасбетінде пайда болады. Қаланың шығармашылық қауымдастығы суретті медициналық қызметкерлерге арнап салып жатыр. 

Шығармашылық адамдары онлайн-концерттер өткізіп, еріктілерге көмектесіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдау көрсету мақсатымен бірігуде. Суретшілер атынан осы шығармашылық жоба арқылы коронавируспен күресіп жатқан медицина саласының қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, "Біз біргеміз" жалпыұлттық акциясына қосыламыз. Мурал салудағы басты мақсат ‒ дәрігерлерге алғыс білдіру! Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл індетпен күресіп жатқан әр қызметкерді батыр деп санаймыз. Қала әкімдігіне білдірген қолдауы үшін алғыс айтамыз. Үлкен шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Біз біргеміз!,  — деді Кристина Бекмурзаева. 
Елорда әкімдігі шығармашылық қауымдастықтың бастамасын қолдап, қажетті техниканы ұйымдастыруға көмек көрсетті
Өзгелердің жаңалығы