Бас жаңалықтар
Дәрігерлер 13 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі 200 грамм шаш алып шықты
22 Ақпан 2020, 15:19 131

Дәрігерлер 13 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі 200 грамм шаш алып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Тараздық дәрігерлер 13 жастағы науқастың асқазанынан салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шашты алып шықты. Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтаған. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан. Бұл туралы Astanatv.kz сайтында хабарланды. 

Жасөспірімнің іші ауырып, асқа деген тәбеті жоғалған. Мұны байқаған ата-анасы алғашында дәрімен емдемек болыпты. Жағдай қиындаған соң қалалық балалар ауруханасына алып келген екен.

Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтапты. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан. Мамандар мұндай мөлшердегі шаш 5-6 жылда жиналуы мүмкін емес деп отыр.
Бұл баланың кішкентай кезінен қалыптасқан әдеті. Тырнағын тістейді. Кейбір балалар шашын аузына салып жүреді. Сол әдетпен қалыптасады. Ол нақты бір потология деп айту өте қиын, - дейді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай аймақта 5 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазанынан шығарылған еді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...