Дәрігер ұйықтаған кезде қалай жатудың денсаулыққа зиян екенін айтты

16 Қыркүйек 2019, 09:47
9702
Бөлісу:
Дәрігер ұйықтаған кезде қалай жатудың денсаулыққа зиян екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір қырмен жатып ұйықтау омыртқаға зиян. Бұл туралы Қырым денсаулық сақтау министрлігінің кардиологы Валерий Садовой айтты.

Маманның айтуынша, денсаулыққа арқада жату пайдалы дейді. Оның айтуынша, отырып ұйықтау адам денсаулығына өте зиян екен.

«Отырып ұйықтау жүрекке кері әсер етеді. Ішастар қан қысымын жоғарылатады. Сол себепті ісік пайда болады. Ол дегеніміз тамырлардың кеңеюі мен қан ұюына алып келеді», - дейді Валерий Садовой.

Сонымен қатар дәрігер күндізгі ұйқының пайдалы екенін де айтты. Мұндай демалыстан кейін жүрек ауруларына шалдығу төмендеп, өзіңді сергек сезініп жүресің дейді.

Садовойдың айтуынша, 8 сағаттық демалыс адам денсаулығына өте пайдалы екен.



Өзгелердің жаңалығы