Бас жаңалықтар
Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай елордада бірқатар іс-шара өтеді
27 Ақпан 2020, 05:34 111

Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай елордада бірқатар іс-шара өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай бірқатар іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

27 ақпан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және Нұр-Сұлтан қаласы Азаматтық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ҮЕҰ күнін мерекелеу шеңберінде шеберлік-кластар, әлеуметтік жоба көрмелері және әлеуметтік жобалардың табысты жүзеге асқан кейстері бойынша жиын өткізіледі 

Қоғамдық ұйымдар күні – бұл үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы білуге және қоғамның дамуына қосқан үлесіне алғыс білдіруге тамаша мүмкіндік. Бұл – бостандыққа, адамзаттың мәдени мұрасы мен болашағына қамқорлық жасауға және оның құндылығын мойындауға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын көрсететін халықаралық символ.

Шараның мақсаты – азаматтық қоғамды дамытуда үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың тиімді өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ оларды әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуге үгіттеу. Іс-шараға республикалық ҮЕҰ басшылары мен сарапшылары, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысады.

Шара 27 ақпан сағат 09:30-да "Біргеміз" волонтерлер фронт офисінде өтеді. Ал 28 ақпанда ҮЕҰ өкілдері үшін Ашық есік күнін ұйымдастыру жоспарланған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...