Бас жаңалықтар
Дәленов Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметі жайлы айтты
13 Наурыз 2019, 13:09 999

Дәленов Мәдина Әбілқасымованың жаңа қызметі жайлы айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомствоның бірінші вице-министрінің тағайындалуына қатысты пікірін айтты. Бұл қызметке Мәдина Әбілқасымова келген еді.

«Барлық вице-министрлер Үкімет қаулысымен тағайындалады. Әбілқасымова ханым бұрын Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеп, халықаралық істермен айналысқан. Ол одан әрі де министрлігімізде осы салада қызмет ететін болады. Түсінесіздер ме, мен әріптестерімнің қызметі жайлы пікір білдіре аламын, бірақ қарамағымдағылардың қызметіне түсініктеме бере алмаймын. Мен олардан жұмыстың орындалуын талап етемін, болды», - деді Руслан Дәленов Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Ұлттық экономика министрі жалақы мәселесін де айтты.

«Еңбекақы арнайы кестемен реттеледі. Вице-министрдің жалақысы министрдікінен төмен. Бұл - қызметтің төмендетілуі», - деді Руслан Дәленов.

Атап өтсек, Мәдина Әбілқасымова ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Үкімет отставкасына дейін Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.

Қымбат Елтайқызы


Сізден жаңалық