Елімізде емдік шөптерден дәрі өндіру жалғасады

13 Маусым 2019, 12:31
2488
Бөлісу:
Елімізде емдік шөптерден дәрі өндіру жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Фармация комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Қазақстандағы дәрілік шөптерден дәрі өндіру саласының қазіргі жағдайы туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

«Дәрілік өсімдіктердің жанама әсері химиялық препараттарға қарағанда аз болады. Бұл туралы жұмыс бізде тұрақты түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта дәрілік шөптерден жасалған 56-ға жуық дәрі мемлекеттік тіркеуде тұр. Алматы облысында «Фитоним» деген фармациялық өндірісіміз бар, сонда дәрілік шөптерден препараттар өндіріледі. Бұл жұмыс тұралап қалмады. Шымкентте «Зерде» атты жеке компания бар. Оның фитошайлары, дәрілік шөптері көптен қолданыста», - деді Фармация комитеті төрағасының орынбасары.

Ол елде мия шөбі қолданылып келе жатқанына бірнеше жыл болғанын атап өтті. 

«Мысалы, Шымкенттегі фармзауытымыз 1800 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол кезден өндіріле бастаған мия бүгінде өте тиімді дәрі құралы. Бұл жұмысты өндірісті көтеретін министрліктер арқылы әрі қарай жалғастырамыз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Осыған дейін Асылбеков Қазақстанда рецептсіз дәрілерді сату фактілері туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы