Бас жаңалықтар
Вакцинацияланған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болады
02 Ақпан 2021, 10:31 840

Вакцинацияланған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен Үкімет отырысында айтты. 

Денсаулық сақтау ұйымдарын инвентаризациялау бойынша министрлік жұмыс тобын құрды. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарды инвентаризациялау қорытындысы бойынша ұсынымдар дайындалады. Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу бойынша министрлік қазіргі таңда олардың шекті бағасын бекіту бойынша тұжырымдама жүзеге асырылып жатыр, - деді ол. 

Цой атағандай, жеке категориялы азаматтарға қажетті дәрі-дәрмекті ұсыну бойынша проактивті тұрғыда стандарттар әзірленеді. 

Ол стандартты мемлекеттік қызмет қатарына қосу мен Әділет минимстрлігімен бірлесіп стандартты тіркеу жүзеге асырылады. Коронавирус бойынша шынайы статистикалық деректерді зерттеу мен халықтың иммундық жағдайын тіркеу бойынша министрлік Санитарлық-эпидемиологиялық ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында ДДСҰ-мен бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Зерттеу бойынша статистикалық деректер тіркеледі, - деді ол. 

Министр отандық жеке иммундық статусты QR код арқылы көруге болатын мобильдік қосымша  медициналық «Аshyk» қосымшасымен интеграциялатынын айтты.

Вакцинацияланған ҚР азаматтарында иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтар болады. Ақпарат EgovMobile қосымшасында қолжетімді болады, ол «Ashyq» медициналық қосымшасымен біріктіріледі. Минстрлік халықты вакцинация бойынша жоспарды жүзеге асырып жатыр. Жоспар бойынша вакцинациялау бойынша ұсынымдар мен вакциналарды сақтау мен тасымалдау ұсынымдары жасалған. Жұмыс жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр, - деді ол. 

Айта кетейік, 26 қаңтрада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктерге бірқатар тапсырма берген еді.

Фото: дереккөз
Загрузка...