Бас жаңалықтар
Цой ШҚО-да қаза болған медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты
04 Ақпан 2021, 16:04 1572

Цой ШҚО-да қаза болған медицина қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. 

Бұл туралы ҚР ДСМ министрі Алексей Цой facebook-тегі парақшасында жазды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында көлік апатынан қаза тапқан Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлердің отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Ауа райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады, - деді ол. 

Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды. 

Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр. Қазір Семей қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді министр.
Айта кетейік, «Өскемен-Семей» тасжолында жол апаты болып, екі медицина қызметкері қаза тапты. 

Фото: дереккөз
Загрузка...