Цой өлімге алып келуі мүмкін ең қауіпті штаммды атады

30 Наурыз 2021, 17:59
3072
Бөлісу:
Цой өлімге алып келуі мүмкін ең қауіпті штаммды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да  МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты. 

Науқастардың РНҚ-сы скринингінің нәтижесі бойынша Алматы қаласында «британдық» және «оңтүстік африкалық» штаммның циркуляциясы анықталды. Олар жоғары кантиогиоздықа ие және жаппай жұқтыруға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ  толық геномды 265 оң нәтиженің скринингі зерттелді. Ол бойынша 12 жағдай «британдық» штамм бойынша анықталды. Алматы – 8, Ақтөбе облысы – 3, Нұр-Сұлтан-1  және  8 жағдай сырттан келген. БАӘ-дан 4 науқас, Мысырдан 3 адам вируспен кірген, - деді Цой. 

Министр айтқандай, ДДСҰ мәліметі бойынша «британдық» штамм 125 елде, «оңтүстік африкалық» штамм 75 елде, «бразилиялық» штамм 41 елде анықталды. 

Коронавирус штаммдары осыған дейінгі симптомдарға ие. Қызудың жоғары болуы, жөтел және иіс пен дәм сезбеу анықталады. «Бразилиялық» штамм аса қауіпті емес, бірақ ол негізгі коронавирусқа қарағанда тез таралады. Зерттеулер көрсеткендей, «британдық» штамм ауруханаға жату және өлімге алып келу қаупін тудырауы мүмкін, - деді министр.

Цой айтқандай, ДДСҰ вирустың мутациясы инфекцияланған адамдардың жиілігінен тууы мүмкін. 

Жаңа вирус тараған бірнеше ел  алдын алу шаралары мен физикалық арақашықтықты енгізу шаралары тиімді екенін көрсетті. Коронавирустың таралын тоқтату алғашқы жедел көмек көрсету аясында мүмкін екенін атады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы