Бас жаңалықтар
Цой өлім көп тіркелген аймақтарды атады
28 Шілде 2021, 16:44 2212

Цой өлім көп тіркелген аймақтарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Өлім-жітім мен індет жұқтырудың 65 пайызы Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркеліп отыр. Осыған орай, кеше МВК шешімімен аталған өңірлерде карантин шаралары күшейтілді. Олар өз күшіне 2 тамыздан бастап енеді. Ashyq қосымшасына тіркелмеген барлық кәсіпкерлік пен ұйым жұмысын тоқтатады, - деді Цой.
Сондай-ақ министр вакцина алмаған және соңғы үш айда ауырған адамдардан басқалары кеңселік жұмысқа шықпайтынын айтты.
Әрбір екінші ересек қазақстандық вакцинаның алғашқы компонентін алды. Бүгінгі күнге дейін 8,6 млн вакцина дозасы пайдаланылды. Оның ішінде алғашқы компонентті 5 млн 230 мың адам алды. Ол халықтың 52,8 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 3 млн адамнан астам адам қамтылды. Вакцина салу пункттерінде алғашқы компоненттің 713 мың дозасы, екінші компоненттің 1,3 млн дозасы бар. Коронавируспен қатты ауырған науқастардың 99,9 пайызы вакцина алмаған. Бүгінде өлімнен сақтайтын бірден-бір жол – вакцина алу. Барша қазақстандықты вакцина алуға шақырамын, - деді министр.
Цой айтқан барлық шектеумен мына жерден таныса аласыздар.


Фото: дереккөз
Загрузка...