Бас жаңалықтар
Цой коронавирустың 3 штаммы қай өңірлерде тарағынын айтты
30 Наурыз 2021, 17:46 1315

Цой коронавирустың 3 штаммы қай өңірлерде тарағынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да  МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты. 

Қазақстанда 30 наурыздағы жағдай бойынша 243 318 науқас тіркелген. 50 433  – КВИ науқасы тіркелді. Сауығып кеткендер саны 218 031 + КВИ-мен болса, 47 837 – КВИ-мен тіркелді. Соңғы екі аптада індетке шалдығу көрсеткіші екі есеге көбейді. Ең көп жағдай Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы облыстарында тіркелді. Індетке шалдыққандардың 56 пайызы Алматы қаласына тиесілі, - деді Цой. 

Министр «қызыл аймақта» 4 аймақ, «сары аймақта» 3 өңір тұрғанын айтты. 

Бүгінгі таңда инфекциялық орындардың 33 пайызы, жансақтау бөлімінің 20 пайызы бос емес. 30 наурыздағы жағдай бойынша ауыр халдегі науқастар саны 32 пайызға көбейіп, 440 адамды құрады. Наурызда адамдардан сынама алу көлемі көбейіп, тәулігіне 49 мың адамды құрады. Сынама алудың тәуліктік көлемі 113 мыңды құрады, - деді ол. 

ДСМ басшысы ДДСҰ-мен бірлесіп, экспресс ПТР скрининг енгізілгенін айтты. 

Қоғамдық денсаулық сақтау лабораториясында коронавирус инфекциясымен ауырғандардың сынамасы зерттелді. Зерттеу қорытындысы бойынша «британдық», «оңтүстік африкалық» және «бразиялық» штаммдар барлық өңірде анықталды. Тек ШҚО, Қостанай және Павлодар, СҚО-да анықталмады, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...