Цой дәрі-дәрмек сатып алуға жыл сайын 231 млрд теңге бөлінетінін айтты

2 Қыркүйек 2021, 10:19
5222
Бөлісу:
Цой дәрі-дәрмек сатып алуға жыл сайын 231 млрд теңге бөлінетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу қажетін айтты. Біз осыған дейін ДДСҰ тіркеген 2 вакцинаны сатып алдық. Тағы Pfizer вакцинасын сатып алу жүзеге асырылады. Қазіргі таңда жткізу кестес мен келісімшартқа қол қою мәселелері шешіліп жатыр. Халықты иммундау шарасы кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.

Цой атағандай, Мемлекет басшысының биоқауіпсіздіктің ұлттық жоспарлауын әзірлеу тапсырылды.

 

Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында біз биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын әзірледік. Осыған қатысты бірқатар өзгеріс Мәжіліске ұсынылды. Зертханалық лабораторияларды жоғары технологиялармен де қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттін 4,7 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жолдаудың тағы бір маңызды мәселесі медицина саласына қомақты қаржы бөлу тапсырмасы болды, - деді Алексей Цой.

Министр атағандай, бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылатынын айтты.

Оның аясында 20 заманауи аурухана мен 2 инновациялық орталық салуды жоспарлап отырмыз. Өңірлік ұйымдарды дамыту мақсатында 20 нысанды қайта жаңғыртуды 85 млрд теңгеге жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Дәрі-дәрмекпен қамту тапсырмасын орындау аясында жыл сайын 231 млрд теңге бөлінеді, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. 

Өзгелердің жаңалығы