Цой барлық аймақта вирус жұқтырғандар санының артқанын айтты

28 Шілде 2021, 17:03
2422
Бөлісу:
Цой барлық аймақта вирус жұқтырғандар санының артқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.

Соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда республика бойынша барлық аймақта вирус жұқтыру көрсеткіші артып отыр. Жұқтырудың көрсеткіші 1,9 есеге көбейді. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік көрсеткіш 5,2 есеге көбейді. Сондай-ақ 1 шілдемен салыстырғанда елімізде инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі де 3 есеге артып отыр, - деді министр.
Осыған байланысты төсек-орындар санын 1,4 есеге арттыру мәселесі көтерілгенін жеткізді.

Айтуынша, 28 шілде бойынша инфекциялық орындар 55%-ға, ал реанимациялық орындар 43%-ға толы. Инфекциялық және жансақтау төсек-орындарының тығыздығы Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарында байқалып отыр.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі былтырмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Егер былтырғы жылы тәуліктік вирус жұқтырғандар көрсеткіші 2 мыңға дейін болса, осы жылы шілде көрсеткіш 3 есеге артты немесе 6 925 адам. Сондай-ақ ем-домда жатқан науқастар саны 2 есеге артты, - деп айтты Цой.
Бүгін елімізде шамамен 90 мың адам ауырып жатыр. Оның 25 мыңға жуығы стационарда ем қабылдаса, 65 мыңы амбулаториялық емханада.
Шілде айының басымен салыстырғанда ауыр науқастар саны 2,1 есе өсті, 1 000-ға жуық науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған. Сонымен қатар бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орын тапшылығы орын алуы мүмкін. Тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және бірқатар облыс (Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда) бар. Бірқатар өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесі артып отыр, - деп айтты министр брифингте.
Айта кетейік, бүгінгі шара барысында Цой өлім көп тіркелген аймақтарды атады.
Өзгелердің жаңалығы