Бас жаңалықтар
COVID-19. Жыл соңына қарай өлім-жітім саны СПИД-тен асып түседі 
14 Шілде 2020, 13:12 262

COVID-19. Жыл соңына қарай өлім-жітім саны СПИД-тен асып түседі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл соңына дейін әлем бойынша АҚТҚ, безгек, кісі өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына қарағанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артады.

2020 жылдың соңына дейін әлемде COVID-19-дан қайтыс болғандар саны адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) ауруынан қаза болғандардың орташа көрсеткішінен асып түседі. Осылайша, COVID-19 ең ауыр індеттер қатарына кіреді. Бұл туралы Украинаның бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшко өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ол 2019 жылы бүкіл әлемде 690 мыңға жуық адам адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) ассоциацияланған ауруларынан қайтыс болғанын атап өтті. Ал COVID-19-дан 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 570 мыңнан астам адам қаза тапты. 
Мұндай қарқынмен кете берсе, COVID-19 жыл соңына қарай әлемде диабет, туберкулез, жол-көлік оқиғалары сияқты адам денсаулығына ең көп ауыртпалық салатын аурулар мен құбылыстар қатарына қосылуы мүмкін, - деп атап өтті Ляшко.
Ол, сондай-ақ, COVID-19 өлім-жітім саны бойынша 2020 соңына дейін АҚТҚ ғана емес, безгек, кісі өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштерінен асып түсетінін айтты.

Айта кету керек, бүгінде әлемде 13 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған, 571 мыңнан астам адам көз жұмды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...