Бас жаңалықтар
Covid-19: Жаңа штамм жұқтырғандар саны артуда
18 Қаңтар 2021, 18:50 244

Covid-19: Жаңа штамм жұқтырғандар саны артуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа штаммы табылған елдердің саны күннен-күнге өсіп келеді. Мутацияланған коронавирустың жаңа түрін алдын-алу үшін сақтық ережелері қолданылуда.

Аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда коронавирустың  жаңа штаммын жұқтырған адам табылғанын хабарлайды.

Әзірге мутацияланған вирустың 18 жағдайы анықталған (15 жағдай Ұлыбританиядан, екеуі Оңтүстік Африкадан, ал біреуі Бразилиядан). Бүгіннен бастап мемлекеттің шекарасына кіру үшін 24 сағат ішінде жасалған ПТР- тестерін көрсетулері қажет, - делінген KDCA хабарламасында.

Егер коронавирусты жұқтырған адам мутацияланған штаммдар табылған елдерден келетіндердің арасында болса, оның материалы генетикалық талдауға жіберіледі. Сондай-ақ, бұл ел Ұлыбританиядан шығатын жолаушылар рейстеріне тыйым салуды ұзартты, ол 23 желтоқсаннан бастап қолданыста.

Желтоқсанның ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылғаны туралы белгілі болды. Ұлыбританияның жаңа және дамып келе жатқан респираторлық вирустық қауіптер жөніндегі консультативтік кеңесі коронавирустың жаңа штаммы өте тез тарайтындығы жайлы атап өтті, ол әдеттегіден 70%-ға жұқпалы болуы мүмкін.

Ал, 501.V2 штаммы алғаш рет Оңтүстік Африкада қазан айында анықталды. ECDC-дың мәліметі бойынша, бұл штамм Оңтүстік Африкадағы вирустың басым түрі болып есептеледі.

Аталмыш штамм сонымен қатар, Германияның оңтүстігіндегі Гармиш-Партенкирхен қаласында да байқалған. 

Munchner Mercur газетінің хабарлауынша, ауруханада коронавирус жұқтырған 73 адамның үшеуінен жаңа штамм табылған. Анықталған мутацияны зерттейтін Berlin Charite клиникасы әлемде коронавирустың 12 мыңнан астам вариациясы тіркелгенін және олардың ең жұқпалысы ретінде «британдық штамм» екенін атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...