COVID-19 вирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау

10 Сәуір 2020, 14:27
1010
Бөлісу:
COVID-19 вирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны туған балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды, - деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді. 

Бұған дейін Қызылордада індет жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы