COVID-19. Ұлыбритания билігі жасөспірімдерді вакциналауға дайын

5 Қыркүйек 2021, 11:10
3858
Бөлісу:
COVID-19. Ұлыбритания билігі жасөспірімдерді вакциналауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәрі құрлық елдері індетпен күресудің жаңа жолдарын іздестіруде. Дегенмен, халқының көбі вакцина алса да, инфекцияның таралу қарқыны басылмай тұр. 

Түркия 6 қыркүйектен бастап коронавируспен күресудің жаңа шараларын енгізуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Олардың арасында қалааралық автобустарда, пойыздарда және басқа да қоғамдық көлік түрлерінде вакцинацияланбаған жолаушыларға арналған ПТР-тест анықтамаларытуралы талап белгіленген. Бұл ережелер концерттерге, кинотеатрларға және театрларға бару кезінде де қолданылады.

Ұлыбритания билігі келесі аптада 12-15 жастағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялауға кірісуге дайын. Бұл туралы The Daily Telegraph басылымы  Англияның Бас санитариялық дәрігері Крис Уиттиге сілтеме жасап хабарлады. Бұл ретте бейінді сараптамалық кеңес әзірге мұндай ұсынымнан бас тартып отыр.

Словакияда дельта коронавирус штаммы басымдықпен таралуда. Елде анықталған инфекциялар арасында оның үлесі 99% - дан асады, деп хабарлайды Словакия радиосы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Сарапшылардың айтуынша, елде COVID-19 эпидемиясының үшінші толқыны басталды.

Өзгелердің жаңалығы