COVID-19: Түрмедегілердің қалай емделетіні белгілі болды

19 Мамыр 2020, 17:33
1492
Бөлісу:
COVID-19: Түрмедегілердің қалай емделетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфир барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова кеше колониялардың 19 қызметкерінен вирус анықталғанын айтты.

Олардың барлығы колония жанында арнайы ғимаратқа оқшауландырылып, ем-дом жасалуда. Вирус анықталғандардың ешбірі түрме аумағына кірмеген. Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер бас бостандығынан айырылғандар арасынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелсе, олар да әрбір қазақстандық сияқты сол колония аумағында тиісті ем-дом шараларын қабылдайтын болады, - деді ол.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, бүгінде еліміз бойынша 425 баладан коронавирус анықталған.

Коронавируспен ауыра қалған жағдайда барлық бала инфекциялық стационарларға жатқызылады. Бір жасқа дейінгі балалар міндетті түрде анасымен, өзге жастағы балалар қатысты, мысалы, бір отбасы мүшелері болса, оларды бір палатаға жатқызу мәселе әр өңірде жеке қаралады, - деді вице-министр.

Бұған дейін вице-министр індетке байланысты күзде жағдайдың қалай болатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы