COVID-19: Талдықорған қаласындағы әскери госпитальге 3 адам жатқызылды

19 Мамыр 2020, 11:52
1327
Бөлісу:
COVID-19: Талдықорған қаласындағы әскери госпитальге 3 адам жатқызылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, сырқаттардың 3-еуі де Талдықорған қаласында анықталған. 

1973, 1994, 2020 жылы туған 3 науқас та бұрын ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған. ПЦР-талдауының нәтижесі олардың КВИ жұқтырғанын растады. 3 пациент те Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің инфекциялық бөліміне ауыстырылды, - делінген хабарламада. 

Олармен 12 адамның байланыста болғаны анықталған. Қазір олар оқшауланып, КВИ зертханалық тексерулерінен өтуде, эпидемиологиялық зерттеулер жалғасып жатыр. 

Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясының 212 жағдайы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы