Бас жаңалықтар
COVID-19. Соңғы екі апта ішінде күрт өсім болған жоқ – министр
05 Шілде 2020, 22:08 480

COVID-19. Соңғы екі апта ішінде күрт өсім болған жоқ – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірер күн бұрын "The New York Times" басылымы Қазақстан соңғы екі апта ішінде коронавирустың таралу қарқыны бойынша көш басына шыққаны туралы ақпарат жариялаған болатын.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осыған қатысты  түсініктеме берді.
Мұндай мониторингті түрлі қоғамдық ұйымдар жүргізеді. Мен де Қазақстан қызыл түске боялып, елдегі сырқаттану деңгейінің өскені туралы ақпараты бар 100-ге жуық сурет алдым. Ақпарат ағылшын тілінде және бұл соңғы екі аптада өсім. Біз бұған дейін сырқаттанушылықтың санын жалпылама есептейтінімізді жарияладық. Яғни, симптомды, симптомсыз науқастарды бөлмей, қоса есептейміз, себебі симптомдарға қарамастан, бұл науқастар жұқпалы болып табылады және ерекше емдеуді талап етеді. Статистикадағы осы мәліметтерді өзгерткен кезде, анықталған пациенттердің саны сандық тұрғыда өзгеріп шыға келді, - деді Алексей Цой.
  Министр вирус жұқтыру деңгейінің күнделікті көрсеткіші тұрақты режимде - күніне шамамен 1,5 мың жаңа жағдайды көрсетіп отырғанын айтты.
Соңғы екі апта ішінде күрт өсім болған жоқ. Бізде пациенттерді біртіндеп біркелкі анықтау жүріп жатыр. Біз симптомсыз және симптомды пациенттерді бірге көрсеткендіктен, бір-екі аптадан кейін ол статистика теңестіріледі. Аталмыш картада соңғы 2 апта ішіндегі ауытқу көрсетілген. Егер елімізде екі-үш есе өсім байқалмаса, онда бұл карта басқа түске боялады, - деп түсіндірді Цой.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...